Фото: pixabay.com

Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті құны 31,5 млн теңге болатын студенттерге оқу әдебиеті түрінде бір кітап сатып алуды жоспарлағанын анықтады, деп хабарлайды KYN.KZ.

Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті студенттерге оқу әдебиеті түрінде құны 31,5 млн теңгеге бір кітап сатып алуды жоспарлады.

Волонтерлер оқу әдебиетінің орташа құны 3-тен 8 мың теңгеге дейін екенін анықтады.

Тапсырыс берушінің атына хат жолданғаннан кейін сатып алу қайта қаралады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!