Павлодар облысы Ақсу қаласындағы колледждердің бірінде педагогтың жөнсіз мінез-құлқы көптің талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Павлодардағы колледж мұғалімінің әрекеті көпшіліктің талқысына түсті
Оқу процесі кезіндегі педагогтің даулы әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Кадрларда мұғалімнің студенттердің парталарынан оқу құралдарын жинап, оларды еденге «Сендер мені бәлеге ұшыратпақсыңдар ма?», «Маған 20 мың теңге» деген сөздерді айтып, лақтырып жатқанын көруге болады.

Даулы видеода желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Енді бірі педагогті айыптаса, басқалары мұғалімді осындай жағдайға жеткізген студенттерді кінәлап отыр.

Мұғалімнің мінез-құлқы колледж басшылығын таң қалдырды. 

«Ағылшын тілі оқытушысы М. А. қатысуымен болған бейнероликке педагогикалық әдеп жөніндегі комиссия қызметтік тергеу жүргізеді. Қызметтік тексеру қорытындысы бойынша шаралар қабылданады», – деп жауап берді Жаяу Мұса атындағы Ақсу көпсалалы колледжінің директоры Алма Айтауров.

Айта кетейік, бұған дейін аталған оқытушы «Қазақстан Республикасының құрметті азаматы»республикалық байқауының лауреаты атанған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!