Бүгін «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты жанындағы әлеуметтік мәселелерді психологиялық және дефектологиялық зерттеу орталығының мүшесі А.О. Жәрімбеттің ұйымдастыруымен «Педагогикалық технологиялар және педагогтың шеберлігі» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Семинар-тренинг мақсатына студенттерге педагогикалық технология түрлері және педагогтың шеберлігі туралы түсінік беру жатады.

Семинар-тренинг студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатындағы нейро-жаттығулармен басталды. Педагогикалық технологиялар ұғымын қарастыру барысында оқу процесіне қатысушыларға жағымды жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, бағыттау және коррекциялаудағы оқушылар мен мұғалімнің қосыла жасаған іс-әрекеттерінің жүйесі ретінде түсіндірілді. Ұстаз шеберлігінің төрт негізгі бөліктері аталды: балалардың жеке және ұжымдық іс-әрекетін ұйымдастыру шеберлігі, өз ой-пікірін мақұлдату шеберлігі, білім беру және тәжірибе қалыптастыру шеберлігі және педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі.

Семинар-тренингте студенттер тақырып бойынша алдын ала дайындалған психотехникалық жаттығуларды басшылыққа ала отырып, технологиялардың тиімділігін нақтылау мақсатында пікірталасқа түсті. Пікірталас барысында негізгі қаралатын сұрақтар бойынша студенттердің ұсыныстары берілді. Тренинг соңында қорытынды жасалып, белсенділік танытқан студенттер жұмысы оң бағаланды.

Әлеуметтік мәселелерді психологиялық

және дефектологиялық зерттеу орталығы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!