Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады.
«ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР! №533 БҰЙРЫҚ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛГЕН. ОСЫ ЖЫЛДАН БАСТАП САНАТТАРДЫ ЕКІ ТӘРТІППЕН ЕМЕС, ЕРЕЖЕДЕ БЕЛГІЛЕНГЕН БІР-АҚ ТӘРТІППЕН ЕНГІЗУ 2023 ЖЫЛДАН БАСТАП ІСКЕ АСАДЫ.
ЕГЕР СІЗДЕ «ЖОҒАРЫ САНАТ» БОЛА ТҰРА МОДЕРАТОРҒА ТАПСЫРАСЫЗ ДЕСЕ, МЫНА ЕРЕЖЕГЕ СІЛТЕМЕ БЕРІҢІЗ.
ОСЫ ЕРЕЖЕНІ ЕҢ АЛДЫ МЕКТЕП БАСШЫЛЫҒЫ ТҮГІЛІ ЖЕРГІЛІКТІ УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМ ДА ТҮСІНБЕДІ-АУ ДЕГЕН КҮДІК ТУАДЫ», — ДЕП ЖАЗДЫ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫСЫ, ПЕДАГОГ ДАНА РАУ ӨЗІНІҢ FACEBOOK ПАРАҚШАСЫНДА.
Еске сала кетейік, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылып, тек қызмет нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады.
Нақтырақ айтсақ, ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижелерін жан-жақты қорытындылау арқылы «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысса, онда ҰБТ-дан босатылады.
Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары берілгені айтылған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!