Елімізде педагогтердің портфолиосын қалыптастыру қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қызылорда облысының педагогтерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Halyq Uni-не сілтеме жасап хабарлайды.

“МИНИСТРЛІК МҰҒАЛІМДЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР. ПОРТФОЛИО ҚАЛЫПТАСТЫРУ ПРОЦЕСІ ҚАЙТА ҚАРАЛАДЫ. БОЛАШАҚТА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖЕТІСТІГІ ОҚУШЫНЫҢ ЖЕТІСТІГІМЕН БАҒАЛАНУЫ КЕРЕК. ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ ПЕДАГОГТЕРІ – ШЕБЕРЛЕР МЕН ЗЕРТТЕУШІЛЕР ЖАС МАМАНДАР ҮШІН ҮЛГІ БОЛУҒА ТИІС”, – ДЕДІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!