Қазіргі уақытта біз психология­ның ғылым ретінде, қазіргі қоғамның әр адамының өмір саласына айналып жатқанын көруімізге болады. Психология адам өмірінде маңызды рөл атқарады, өмірді жеңілдетеді және оны жарқын, сәтті әрі бақытты етеді. Психология барлық жағдайларға арналған көмекші болмаса да, осы және басқа да көптеген сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік береді. «Ойыңды өзгерту арқылы, өміріңді өзгертуге» болады депті бір данышпан.
Адам бойындағы кездесетін мәселелерді ескере отырып, оларға қол ұшын созатын психологтардың маңызы зор. Сондықтан қазір психолог өте қажет. Себебі, адамдар психологпен сөйлесіп, айтарлықтай жеңілдейді.
Әйтсе де, психолог деген кім? Олар – ақыл мен мінез-құлықты зерттейтін адам. Олар көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын тұрады. Мысалы: қарым-қатынастағы қиындықтар, отбасындағы қиындықтар, балалармен қиындықтар, мансап проблемалары, қаржы және өмір түйткілдері, өзіне қатысты қиындықтар, жаман әдеттер мен тәуелділік, өз-өзіне күмәндану, кешіктіру, эмоционалды күйзеліс қажытады.
Сонымен қатар мектеп оқушыларының да мектеп психологтарына жиі келіп, ойымен бөлісіп, көмек сұрайтын жағдайлар да көбейіп келеді. Психологқа жүгінген оқушы айналаға және туындаған жағдайға басқа көзқараспен қарайды, қорқынышты болып көрінген ойды ауыр қабылдамайды. Олар депрессияны, апатияны жоғалтады, өмірге қызығушылық танытады. Психологқа жүгінгеннен кейін адамның өмірі жақсарады, жарқын болады, жағымды эмоциялар мен сезімдер көбейеді. Бұл – психолог қажет екенінің айқын көрінісі.

Аида Тасанова,
Мектеп психологы.
Сырдария ауданы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!