Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 29 желтоқсанда басталып, 6 қаңтарға дейін жалғасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Орталықтың мәліметінше, тестілеудің өзі 18 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Қаңтардағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, жазғы ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамағандар, шығармашылық ББТ-дан басқа дайындық бағыттарына, педагогикалық бағытқа ақылы негізде ауысқысы келетіндер, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. ҰТО өкілдері қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайтынын мәлім етті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!