Фото: Ашық дереккөзден
Гранттарды «Қазақстан халқына» қоры бөлгелі отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қор не дейді
«Қазақстан халқына» қоры 2024-2025 оқу жылына арналған білім гранттары бағдарламасын жалғастырып жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтағы тағы 850 талапкер жоғары білім алуға қол жеткізе алады.
Гранттар кімдерге беріледі
Қордың сайтында гранттар кімдерге берілетіні жазылған. Олар.
- ауылдық жердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
- жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;
- мүгедектігі бар;
- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қайтыс болған Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
- 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.
Үміткерлердің жасы 29 жастан аспауы керек. Білім беру гранты жеке болып табылады, аударылмайды және аккредиттелген университеттерде күндізгі бөлімде оқу үшін бір рет беріледі. Мемлекеттік білім грантын алған тұлғалар «Қазақстан халқына» қорының грантына құжат тапсыра алмайды. Грантты екінші дәрежелі немесе онлайн білім алу үшін пайдалануға болмайды.
Министрлер не дейді
Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған қандай азаматтардың балаларына грант берілетіні бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке қойылған. Олар қордың бұл мәліметінен хабарсыз болып шықты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!