Әлеуметтік желіде Қарағанды мектептерінің бірінің мұғалімі оқушыларға ұрсып жасап жатқан видео тарады. Ол білім алушыларға мектеп мұғалімдері мен комиссия әкімшілігі туралы жаман сөз айтпаңдар деп ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Бейнеден алынды
«Мұғалімдерге немесе әкімшілікке қарсы арыз жазудан Құдай сақтасын», – деді мұғалім.
Сондай-ақ ол оқушылардың сабақтан қалғаны үшін ата-аналарына айыппұл салынатынын ескертті.
«Мен қорқытып тұрған жоқпын. Орындарыңды біліңдер. Су ішкен құдыққа түкірудің қажеті жоқ. Сабаққа келмейсіңдер. Бағынбайсыңдар. Кейде тіпті кешігіп келесіңдер.Сабақтан қашып кете саласыңдар. Дереу түсіндірме хат жазыңдар. Директор тоқсанда 10-15 рет сабақтан қалған оқушының ата-анасына 65 мың теңге айыппұл салатынын айтты», – деді мұғалім.
Ал Қарағанды қаласының білім басқармасы №5 мектептегі жанжалды жағдай арнайы құрылған комиссияның жұмысы аясында зерттеліп жатқанын хабарлады.
«Сынып жетекшісінің іс-әрекеті педагогикалық этиканы бұзу фактілері бойынша бағаланады» – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыдағы №5 мектептің мұғалімі Игорь Жарликов 2022-2023 оқу жылына дейін 11-сынып оқушыларына «Патриотизм және жаһандық құзыреттер» сабағы оқытылмағанын айтып, үндеу жасаған еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!