Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім алушылары Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ғалымы, заң ғылымдарының докторы Аманлык Гуляевпен кездесті.

Шетелдік ғалым халықаралық құқық мәселелері, мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастық туралы айтып, Қарақалпақстан мен Қазақстанның құқықтық жүйелеріндегі айырмашылықтар мен ұқсастықтар туралы дәріс оқыды. Сонымен қатар халықаралық деңгейде ғылыми байланыстарды нығайту, студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасымен алмасу мүмкіндіктері туралы да баяндады.

Кездесу студенттер үшін білімдерін тереңдетуге және заңгерлік, халықаралық қатынастар мен әлеуметтік мәселелер бойынша қызығушылықтарын арттыруға септігін тигізді. Дәріс соңында білім алушылар сұрақтарын қойып, профессормен пікір алмасты.

Қарақалпақстандық профессор студенттерге дәріс оқыды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!