«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында кент пен қала ортасынан 600 орындық және Жанқожа батыр ауылынан 300 орындық мектеп бой көтермек. Бұл туралы Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Жанқожа батыр ауылының тұрғындарымен кездесуде айтты. 

Бұдан бөлек, Жанқожа батыр елді мекеніне кіре беріс автомобиль жолын күрделі жөндеу жоспарланып отыр. Биыл жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамаға енгізілді. Сондай-ақ, ауылдың электр желілерін қайта жаңғырту жобасы да әзірленуде. 

Кездесуде көтерілген мәселелерге қатысты сала басшылары түсініктеме беріп, заңдылықтарға сәйкес жауаптарын айтты. 
Кездесуден кейін аудан басшысы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың жұмыспен қамту, қайырымдылық көмек көрсету жөнінде мәселелерін тыңдады.

Мұхтар Әуесұлы барлық өтініштер заңға сәйкес сараланып, тиісті жұмыстар атқарылатынын мәлімдеді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!