Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев ғылыми еңбек міндетті түрде оқулықтарды жазғанда негізге алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ғылыми зерттеулер жасалып жатыр. Оны ғалымдар толыққанды шешіп болғаннан кейін оның ішіндегі мектеп бағдарламасындағы қажетті ақпараттар әрине, енгізуде негізге алынатын болады. Ол сөзсіз. Қазақстан тарихы оқулығы жазылған кезде ғылыми еңбек үнемі негізге алынып отырады», – дейді Бейсембаев Үкіметте.

Қарашада Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров елдің Қазақстанмен ортақ тарихшылар тобын құратынын айтқан еді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, олар 7 томдық еңбек жазады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!