Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы (World Competitiveness Center, WCC) жасақтаған рейтингте Қазақстан бәсекеге қабілетті алғашқы 35 мемлекет қатарына қосылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі WCC-ге сілтеме жасап. 

Швейцарияда орналасқан Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD) жанындағы Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы (World Competitiveness Center, WCC) рейтингте барлығы 67 мемлекетті қамтыған. Қазақстан соның ішінде 35-орынға көтерілді. 

Көш басын Сингапур бастап тұр. Тізімді ары қарай Швейцария, Дания, Ирландия, Гонконг жалғайды. Одан кейін Швеция, БАӘ, Тайвань, Нидерланды, Норвегия елдері алғашқы ондықта. 

Қазақстан бұл тізімде Жапония, Испания, Италияны басып озды. Түркияның өзі 53-орынмен қалыс қалды. Ал рейтингті Аргентина мен Венесуэла мемлекеттері соңғы орындармен қорытындылап тұр. 

Фото: depositphotos.com

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!