Фото: pixabay.com

Бұдан былай еліміздегі мектептерде педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымы енгізіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Енді мамандығы бойынша жұмыс істемейтіндердің саны артпас үшін мәселенің шешімі табылған секілді. Алдағы уақытта мектептерде педагог-кәсіби бағдар берушілер жұмыс істеуі мүмкін.

Таяуда Оқу-ағарту министрлігі «Педагог лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа толықтыру әзірледі. Тиісті құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Ұсынылған бұйрықта «педагог-кәсіби бағдар беруші лауазымын енгізу болашақ мамандықты саналы түрде таңдау үшін оқушыларды ерте кәсіптік бағдарлау жөніндегі жұмысты үйлестіру мақсатында қажет» деп көрсетілген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!