Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында алдағы уақытта барлық мемлекеттік балабақшаларды қазақ тілінде ашу бастамасы қолға алынғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің пайымдауынша, балалардың сөйлеу тілі балабақшада қалыптасады. Сондықтан мемлекеттік балабақшалардың қазақ тілінде болуы үшін шаралар қабылданып жатыр дейді. 

«2022 жылдан бастап мемлекеттік балабақшалардың қазақ тілінде болуы қадағаланып отыр. Дей тұрғанымен  тілі орыс тілінде шыққан балалардың да бейімделу кезеңінен өтуіне байланысты қазір мамандар жұмыс істеп жатыр. Әдістемелік дүниелерді енгізу арқылы біз бұл балаларға да тиісті көмек көрсетуді қолға алып жатырмыз. Сондықтан бұл мәселе де өз шешімін табады деген ойдамын», – деді Ғани Бейсембаев. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!