3 шілдеден 3 тамызға дейінгі аралықта докторантураға құжаттар қабылданады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өтініш беру кезінде тек тестілеу орнын (қаласын) таңдауға болады. Ал тест тапсыру күні, уақыты және орны (мекенжайы) туралы ақпарат 9 тамызда жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде жарияланады.

Айта кетейік, өтініш қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 3 тамызға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі. ДТЕ-ға қатысу құны 21 072 теңге тұрады.

  • TOEFL ITP сертификаты бар тұлғалар ДТЕ басталғанға дейін ағылшын тілін білуге арналған қосымша тест тапсырады. Қосымша тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпарат 5 тамызда жеке кабинетіңізде қолжетімді болады. Қосымша тестілеуге қатысу құны 14 162 теңге тұрады;
  • Міндетті түрде ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін меңгергенін растайтын сертификат ұсынуы керек;
  • Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген адамдар қабылданады;
  • Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде докторантураға түсу үшін шекті балл – 75 балл, бейіні бойынша докторлар бағдарламасында шекті балл – 50 балл.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!