фото: iStock

Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсушілерге маңызды ақпарат жариялады. Министрлік талапкерлерге кешенді тестілеу уақыты мен грант иегерлері қашан белгілі болатыны туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құрметті магистратураға түсушілер!

Cіздердің назарларыңызға талапкерге арналған күнтізбені ұсынамыз!

Кешенді тестілеу 21 шілде-10 тамыз аралығында өтеді;
Білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініштер 12-18 тамыз аралығында қабылданады;
Ақылы негізде оқуға құжаттар қабылдау 15-28 тамыз аралығында жүргізіледі;
Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады;
ЖЖОКБҰ-на қабылдануы 28 тамызға дейін аяқталады.

Қосымша ақпаратты ЖОО ресми парақшалары мен сайттарынан ала аласыздар.

2025-2026 оқу жылына қабылдану үшін маңызды күндерді өткізіп алмаңыз!, – делінген министрліктің хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!