Фото:depositphotos.com

Оқу-ағарту министрлігі 2024/2025 оқу жылының басталуына орай мектеп жиындары қашан өтетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқушыларға арналған жиындар 1 қыркүйек, жексенбіде өтеді.

«Жиын дәстүрлі түрде 1 қыркүйекте бүкіл Қазақстан бойынша өтеді», – деді министрлікте.

Жаңа 2024-2025 оқу жылында бірінші сыныпқа 345 мың қазақстандық барады.

«1 қыркүйекте бірінші сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында жиын ұйымдастырылады. 2 қыркүйек – жаңа оқу жылының бірінші оқу күнінде – «Менің Отаным – Қазақстан» бірыңғай сынып сағаты, одан әрі кесте бойынша сабақтар өтеді», – деп толықтырдылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!