ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев айтты.

«ҚР БҒМ жоғары білім беру жүйесіне оқытудың жаңа құралын енгізуді жоспарлап отыр. Яғни, жоғары білімді қашықтан оқытып, елде онлайн-университеттер ашуды қолға алмақ», – дейді вице-министр.

Жалпы, жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар саны 5 мыңға артады. Олардың 60 пайызы техникалық мамандықтар бойынша бөлінеді.

Сонымен қатар ол 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша университет студенттері стипендиясы – 20, магистрант пен докторанттардың стипендиясы – 15 пайыз артатынын тағы бір еске салды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!