Енді елімізде студенттердің жертөледе білім алуына рұқсат берілуі мүмкін. Себебі дәрісхана, оқу кабинеті мен зертханаларды жертөлеге орналастыруға тыйым салатын талаптың күші жойылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Енгізілетін өзгерістерге сәйкес білім беру нысандары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай болуы тиіс. Ауа желдеткіші дұрыс жұмыс істеп, дәрісханалар қараңғы болмауы шарт.

Жауаптылардың сөзінше, зерттеу жүргізетін лаборатиялардың, дәріс өтетін аудиториялардың тапшылығы осылай біртіндеп жойылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!