Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру саласында қашықтан оқыту әдісі енгізіледі. Енді колледж студенттері де онлайн оқуға мүмкіндік алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бейнеден алынды

Ал депутаттардың пікірінше, студенттер жұмыс орнында оқу арқылы уақыт үнемдейді. Шығындары да айтарлықтай азаяды. Әрі, академиялық ұтқырлық жобасы аясында колледж студенттері үшін көптеген мүмкіндік туындайды. Яғни, кез келген тәлімгерге барлық заманауи жабдықтармен қамтылған өзге білім беру ұйымдарының инфрақұрылымы, технологиялары және білім алу құралдары қолжетімді болады.

Ал Асхат Аймағамбетов заң жобасына қатысты түйткілді мәселе бар деп отыр. Өйткені, комитет алдымен аудиториялық сабақтар жойыла ма, жоқ па, соны анықтауы қажет. 

Сондай-ақ, қандай мамандықтар онлайн оқытуға ауыстырылатыны нақтылануға тиіс. Себебі, дәнекерлеу, құрылыс секілді мамандықтарды меңгеріп жүргендер үшін қашықтан оқу тиімді болмауы мүмкін екен.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!