Фото: fi.pinterest.com

Қазақстанда қай университеттердің дәл қазір жасанды интеллектіні оқытуға әлеуеті жетеді? Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саясат Нұрбектің айтуынша, қазір жасанды интеллектіні оқыту үшін негізінде 15 жоғарғы оқу орны айқындалған.

«Оның ішінде Қазақ-британ университеті, Астана ІТ университеті, Халықаралық ІТ университет, Сулейман Демирел университеті, Сәтпаев, Назарбаев, ШҚМТУ – бірнеше оқу орны бар. Дегенмен, біздің әлеуетіміз әлі төмен. Тек бір үлкен ғылыми, халықаралық стандартқа сай орталық бар. Ол – Назарбаев Университеті ішіндегі ИСАЙ деген жасанды интеллект институты. Сондықтан біз былтыр жаңа 15 куриклумдарды пысықтадық. Бүкіл куриклумдар не халықаралық үлкен компаниялармен бірге (гугл, хуавей) пысықталды, немесе мықты шетелдік университеттермен пысықталды. Мысалы, Қызылордада Қорқыт ата университетінің негізінде биылдан бастап арнайы ЖИ-мектебі ашылады. Бұл бағдарлама Сеул ұлттық және технология университетімен біріккен жоба. Сәтпаев университетінде Гонк-Конк университетімен бірлесіп, ЖИ, киберқауіпсіздік және жаңа материалдары зерттеу мектебі ашылады. ШҚМУ-да малайзиялық және Хуавей корпорациясымен мектебімен бірлесіп, Киберқауіпсіздік мектебі ашылады», – дейді ол.

Министрдің сөзінше, Мәскеу инженерлік және физикалық институтының Астана филиалы негізінде Әл-Фараби университетінде магистратура және бакалавриат деңгейінде ЖИ және күрделі есептер деген жаңа бағдарлама басталады. Бұл бұрын болмаған. 15 шақты осындай бағдарлама іске қосылған. 2 мыңнан астам студент осы бағдарламалар арқылы білім алуда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!