Қазақстанда жекеменшік мектептерге қойылатын талаптар қатаңдатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігі жекеменшік мектептерге қатысты талаптарды күшейтуді жоспарлап отыр. Бұл талаптар мектеп ашуға болатын орындардан бастап, құрылтайшылардың жауапкершілігіне дейін қамтиды.
Сонымен қатар құрылтайшыларға қойылатын талаптар да күшейтілмек. Оларға білім беру сапасына, педагогтердің кәсіби даярлық деңгейіне және балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілік жүктеу көзделіп отыр. Бұдан бөлек, мектеп директорларын тағайындау тәртібін өзгерту жоспарланған. Бұрын бұл шешімді негізінен құрылтайшы қабылдаса, енді директорларды тағайындау салалық министрлік пен жергілікті атқарушы органдардың келісімімен жүзеге асырылмақ.
Ведомствоның мәліметінше, алдағы уақытта жаңа жекеменшік мектептер тек қажеттілік бар өңірлерде ашылады. Лицензиялар ең әуелі үш ауысымда оқытатын мектептердің жүктемесін азайту қажет аймақтарға, апатты жағдайдағы ғимараттарды алмастыруға немесе мемлекеттік мектептердегі орын тапшылығын жоюға беріледі.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!