Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық оқушылар еуропалық математикалық олимпиадада бақ сынайды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Грузияның Цхалтубо қаласында қыздарға арналған еуропалық математикалық олимпиада ЕGМО-2024 басталды. Жарысқа әлемнің 60 елінен 240 оқушы қатысып жатыр.

Қазақстан намысын 4 оқушы және 2 жетекші қорғайды.

Олар:

  • Амира Кенбаева – Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы;
  • Аружан Батырхан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы;
  • Анастасия Одинцова – Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;
  • Арай Касенова – Haileybury Almaty мектебінің 11-сынып оқушысы.

Айта кетсек, алғаш рет ЕGМО 2012 жылы Кембриджде (Ұлыбритания) өтті. Қазақстан Республикасының құрама командасы Олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді. Осы жылдары олар 3 алтын, 9 күміс, 10 қола және 4 құрмет грамотасын жеңіп алды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!