31 тамызда Қонаевта Алматы облыстық әкімдігінің, Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Qonayev Academic Campus Fund коммерциялық емес ұйымының басшыларының қатысуымен «өзара ынтымақтастық туралы» үшжақты меморандумға қол қою рәсімі өтті,- деп хабарлайды OnNews.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Бұл келісімге президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қонаев академиялық қалашығын» салу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында қол жеткізілді.

«Келісім шеңберінде еліміздің төрт университетін кампус аумағына көшіру (1-кезеңде) және 2024-2027 жылдар кезеңінде 2023-2024 жылдары толық инфрақұрылымды жүргізе отырып, төрт шетелдік университетті (2-кезеңде) ашу, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаражат тарту, ғылыми-зерттеу орталықтарын салу бойынша жұмыстар жүргізіледі», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!