© Photo : Пресс-служба президента Казахстана

Қытайдың жоғары оқу орындарына құжат қабылдау басталды. Қазақстан студенттері үшін 44 грант бөлінді, деп хабарлайды «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы.

Қазақстан мен Қытай арасындағы 2003 жылғы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қытай үкіметі 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік стипендия бойынша оқуға 35 грант және Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде 9 білім грантын келесі бағдарламалар бойынша ұсынады:

  • бакалавриат;
  • магистратура;
  • докторантура.

Грантқа түскен студенттер мына мүмкіндіктерге ие болады: 

  • бакалавриат бағдарламасы бойынша ай сайынғы стипендия – 2,500 CNY (шамамен 181 мың теңге) , магистратурада – 3,000 CNY (шамамен 217 мың теңге), докторантурада – 3,500 CNY (шамамен 253 мың теңге);
  • медициналық сақтандырылады,
  • жатақханада тұрады.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін үміткерлер Қытай стипендиялық кеңесі сайтында онлайн тіркеуден өту тиіс.

«Құжат 2025 жылғы 9 қаңтардан бастап 7 ақпанды қоса алғанда «Электрондық үкімет» (Egov.kz) порталы арқылы немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ға қолма қол қабылданады. Құжатты онлайн тапсыру бойынша нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы өтіп таныса алады», – дейді ведомство.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!