Жаңа оқу жылындағы жаңалық­тардың бірі – «Әліппе» және «Букварь» оқулық­тары­ның мектеп бағ­дар­ла­­масына қайта оралуы. 1 қыркүйекте мектеп табалды­рығын алғаш аттаған бірінші сынып оқу­шы­лары алғашқы оқулықтарын алады.

«Әліппе» Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі бо­­йын­ша жасалған, яғни қарапайымнан күрделіге өту. Алдымен дыбыстар, әріптер, содан кейін буын­дар мен сөздер зерделенеді. «Әліппе» оқулығының көме­гімен бірінші сынып оқушылары шағын мә­тін­дерді оқып, түсініп, қарапайым сөздер мен сөй­лем жазу­ды үйренеді. Оқулықтың мазмұны техно­логиялық әзірле­мелермен толықтырылған: смартфон камерасын арна­йы QR-кодқа апарған кезде «сурет­терді сөйлетуге» болады. Оқушылар еліміздің Әнұра­нын, өлеңдер мен ертегілерді тыңдай алады. Бұл ба­ла­ның бойында ақ­паратты визуалдық және тыңдау ар­қылы қабылдау дағдыларын дамытады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!