Халықаралық ынтымақтастық аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Бүгін білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Каримова Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің студенттерімен кездесті.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 10 студент оқуға, 1 магистрант ғылыми тағылымнамадан өтуге келді. Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты – халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Делегация жетекшісі, доцент Мээрим Даткайқызы университеті атынан алғыс білдіріп, бірлескен ынтымақтастық жұмыстары одан әрі арта түсетініне сенім білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!