Спорт саласындағы лауазымды тұлғалар тексерушіге пара бергені үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, спорт саласындағы лауазымды тұлғаларды тексерушіге пара бергені үшін жауапқа тартты.
2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұл төлеуге міндеттелді.
Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.
Олар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!