Ағылшын тілінің екі мұғалімі трансвеститтер клубына бірнеше рет барып, өздері оны желіге жүктеген.
Оқушылардың қысқы каникулында Түркияда демалған екі қызылордалық мұғалімнің басы дауға қалды. Педагогтар шетелде жүріп, бірнеше мәрте трансвеститтер клубында көңіл көтерген. Мұғалімдердің бұл әрекетін ата-аналар әлеуметтік желілер арқылы көріп, ұстаздардың мектептен кетуін талап етіпті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі zhasalash.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейәдеп қылық көрсеткен Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері. Шет тілін меңгерген мамандар Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарыпты. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған. Қарамағындағы қызметкерлердің мұндай әрекетке барғандығы мектеп басшылығын да есеңгіретіп тастаған көрінеді.
“Екеуі де – ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің “магистр” атағы да бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқыладық, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еріктерімен жұмыстан кету туралы арыздарын жазды. Ол кісілер – тек ұстаз ғана емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғандары өте ұят болды”, – деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!