11 сәуір күні алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Азаматша өзінің арызында алаяққа алданғанын көрсеткен. 2021 жылдың тамыз айында «мұғалім қызметіне орналастырып беремін» – деп, уәде берген. Сөйтіп жәбірленушіден 850 мың теңге ақшасын алған.
Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған азамат телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысқа орналастырылу мәселесі шешімін таппағандықтан жәбірленуші әйел полицияға арыздануға мәжбүр болды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел– іздестіру шараларының нәтижесінде облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полицейлер оқиғаның мән – жайларын анықтауда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!