Қызылорда облысында 289 мектептегі 159 724 оқушы 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап бес күндік оқу аптасына көшеді. Сонымен қатар өңірдегі 21 492 мұғалім үшін сенбі демалыс күнге айналады. Бүгінде 5 күндік оқуға мектептердің барлығы 100%-ы көшеді.
Сондай-ақ, 1 ауысыммен оқытатын 47 мектептегі 8374 оқушы, 2 ауысыммен оқытатын 242 мектептегі 151 350 оқушы бес күндік оқу аптасымен оқиды. Осылайша, мұғалімдерге де, оқушыларға да жүктеме азаяды. Ал үш ауысыммен оқытатын қаламыздағы 6 мектептегі 15 056 оқушы алты күндік оқу аптасымен білім алатын болады.
Айта кетейік, бұл оқу жылын 31 мамырда аяқтау және оқу жүктемесін азайту туралы шешімнің аясында болып отырған жағдай.
Президент педагог мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөліп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жеке қолдауының арқасында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданып, мұғалімдердің жалақысы көтеріліп, жүктемесі қысқартылды. Заңға тәуелді актілер қабылданып, әкімдіктер бұрынғыдай мұғалімдерді міндетінен тыс артық жұмыстарға тартпайды. Президент тапсырмалары бойынша атқарылатын жұмыстар аясында алдағы уақытта сенбі мектеп мұғалімдері үшін ресми демалыс күніне айналады, бұл әріптестерімізге сабаққа дайындалып, уақытты отбасымен бірге өткізуге мүмкіндік береді. Мұның балаларға берер артықшылықтары бар, енді олардың да көбірек бос уақыты болады. Біз бұл мәселені ерекше бақылауға алдық», – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтардың дәстүрлі Тамыз кеңесінде.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!