Қызылордада жастар ресурстық орталығында елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 100 кітап бұрышының ашылуы өтті.
Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығында» еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тіліне аударылған 100 кітап бұрышының ашылды. Мақсат – ғаламдық мәдениет пен өркениеттен хабар беретін, гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша әлемдегі таңдамалы оқулықтарды қызылордалық жастар арасында насихаттау.
Аталған шара барысында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері Назерке Нұрлыбекқызы қазақ тіліне аударылған 100 кітаптың қай салаға басымдық берілгендігі туралы жан-жақты мағлұмат берді. Одан кейін ақын, ҚР Өнер қайраткері, Қармақшы ауданының құрметті азаматы Серік Ыдырысов сөз алып, тақырыпқа байланысты ой-пікірін білдірді. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова әрдайым жастар бастамасына қолдау көрсетіліп келе жатқанын атап өтті. Бұл шара – соның бір көрінісі.
«Сыр өңірінің жастары, қаламыздың кез-келген тұрғыны «Жастар орталығына» келіп, осы теңдесі жоқ кітаптарды оқып, таным көкжиегін кеңейте алады. Жастардың көтерген бастамасына орай берген ұсынысымызға қолдау білдірген «Ұлттық аударма бюросының» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлына алғысымызды білдіреміз», – деді басқарма басшысы.
Шара соңында М.Жомартқызы өз тарапынан «Жастар орталығының» кітапханасына және оқырмандар клубына арнайы тарту есебінде сырбойылық авторлардың кітаптарын және классикалық әдеби аудармаларды сыйға тартты. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында Жапония үкіметінің бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!