Биыл Қызылорда облысында 5 184 оқушы мемлекеттік грантқа өтініш берген. Оның 3 849-ы грант иегерлері атанды.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда грант иегерлерінің саны – 791 түлекке көбейіп отыр.Гранттардың бөлінісі бірнеше басым бағыттарға қарай тағайындалды. Атап айтқанда, педагогика саласы мен медицина, ауыл шаруашылығы және техникалық мамандықтарға гранттар алынған. Облыс бойынша грантқа үміткер болған 3 849 оқушының басым бөлігі педагогикалық және техникалық мамандықтарды таңдаған. Тарқатып айтқанда, 1 303 талапкер педагогикалық, 361 түлек медициналық бағытты таңдаса, 1 173 үміткер техникалық мамандықтарға таңдау жасаған. Ал, 217 түлек ауыл шаруашылығы бағытына баруды көздейді. Сонымен бірге 795 түлек өзге де бағыттағы мамандық иесі болуды қалады.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша «Алтын белгі»иегерлерінің 190 – ы, яғни 35%-ы педагогикалық бағыттағы мамандықтарға оқуға қабылданып отыр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!