Қызылордада алғаш рет “Study in Kazakhstan” мектеп оқушыларына арналған шетелдік жоғары оқу орындарының еліміздегі филиалдарын таныстыру көрмесі өтті.
Көрмеде шетелдік 19 жоғары оқу орындарының филиалдары өздерінің білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін таныстырды.
Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев, педагог-профориентолог Айдос Жұманазар, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Есенбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова қатысты.
Көрме жастардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, әлемнің үздік оқу орындарымен танысуға, сондай-ақ шетелде сапалы білім алу жолдарын қарастыруға үлкен мүмкіндік берді. Сондай-ақ, қатысушылар шетелде тәжірибе алмасу, қос диплом алу бағыттары бойынша да пайдалы ақпараттармен танысты.
Айта кетейік, көрме еліміздің Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан өңірлерінде өтті. Көрме керуенінің соңғы аялдамасы Қызылорда қаласында бір күн бойы жалғасты.
Бұдан бөлек, келушілер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғылыми жетістіктері мен стартап жобаларының көрмесімен танысты.
![Қызылордада алғаш рет шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті](https://aqmeshit-zhastary.kz/wp-content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-12-at-18.00.00.webp)
![Қызылордада алғаш рет шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті](https://aqmeshit-zhastary.kz/wp-content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-12-at-18.00.00-1.webp)
![Қызылордада алғаш рет шетелдік ЖОО филиалдарының көрмесі өтті](https://aqmeshit-zhastary.kz/wp-content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-12-at-17.59.59.webp)
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!