Қызылорда облысында барлық балабақшалар уақытша өз жұмыстарын тоқтатты. Бұл туралы Қызылорда облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қызылорда облысында енгізілген төтенше жағдай енгізілуіне байланысты бүгін және ертең аймағымыздағы барлық балабақшалар уақытша өз жұмыстарын тоқтатты. Алдағы уақытта мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс істей бастағандығы жөнінде ақпаратты қосымша хабарлайтын боламыз», – делінген хабарламада.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!