Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Абай» атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектеп базасында ағылшын тілі пәні мұғалімдердің қатысуымен «Continuing professional development of teachers will change lives» («Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуы өмірді өзгертеді») тақырыбында облыстық семинар өтті.
Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы және ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Шараның мақсаты білім беру ұйымдарының арасындағы әріптестік қатынастарды дамыта отырып, тәжірибе алмасуда жаңашылдықты қалыптастыру, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту, кәсіби тәжірибені жаңарту, жаңалықтарды қабылдау мен меңгерту.
Семинар барысында спикерлер кезекпен ортаға шығып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ең алдымен «Үздік педагог бағдарламасымен» Ә.Мүслимов атындағы №101 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Садырбаева “My way of making my dream come true” тақырыбында семинар өтті.
Одан әрі С.Толыбаев атындағы атындағы №3 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімдері М.Ердібек пен Б.Мнажев «Болашақ» бағдарламасы турасында айтты.
Сонымен қатар «Fulbright tea» бағдарламасы бойынша Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің ағылшын тілі пәні мұғалімі А.Амангелді өз ойын ортаға салды.
Сондай-ақ «Ағылшын тілін оңай үйрену лайфхактары» тақырыбында №144 мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ұ.Рысмағамбет өз тәжірибесімен бөлісті.
Облыстық семинар барысында «IELTS» тест орталығының ашылу салтанатымен жалғасын тапты, тест орталығының жұмыс барысы таныстырылды. Семинар соңында мұғалімдер семинардан алған әсерлерімен бөлісті.
Облыстық оқу орталығының әдіскері Сәуле Асылбекқызы және қалалық білім бөлімінің әдіскері Ғалия Ермағанбетқызы сөз алып, семинарды жоғары дәрежеде бағалады. Жас мұғалімдерге сәттілік тілеп, озық ұстаздардың жұмыстарын дәріптеп, бүгінгі семинарда іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерді сертификаттармен марапаттап өтті.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!