Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз ел болашағы – білімді ұрпақ» тақырыбында қалалық мектеп директорлары арасында дебаттық ойындар өтті. 

Дебаттың мақсаты  азаматтық ұстанымды қалыптастыру, басшылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін, зерттеу, коммуникативтік дағдыларын дамыту, дебаттық, сындарлы пікірталастарды насихаттау, жалпы білім беретін мектеп директорлары арасында тәжірибе алмасуға жәрдемдесу мақсатында өткізілді.

Шешендік және өз ойлары мен көзқарастарын білдіруде мектеп басшылары жоғары деңгейде екенін дәлелдей білді.  

«Мұндай турнирлер алдағы уақытта жалғасын тауып, тұрақты дәстүрге айналғанын қалаймыз. Білім мен тәрбие беретін мектептің басшылары жеке іскерлік қарым-қабілеттерін жаңа заман талаптарына сай шыңдау арқылы тұтас ұстаздар ұжымының озық үлгілермен даралануына тың серпін беретіндігі анық», – дейді Айгүл Алтынбекқызы. 

Айта кетейік, қалалық кезеңнің жеңімпаздары алдағы уақытта өтетін облыстық кезеңде қаланың намысын қорғайтын болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!