Қызылордада жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық, қалалық іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 391 оқушы қатысады.
Олимпиаданың облыстық кезеңі Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицей базасында 24-30 наурыз аралығында өтеді.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі «1 оқушы, 1 компьютер, 1 камера» қағидасы бойынша «Оқулық» платформасы арқылы жүргізіледі. Бұл зияткерлік жарысты өткізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Облыстық кезеңде оқушылар жаратылыстану-математика, қоғамдық-гуманитарлық бағыттардағы 14 пән бойынша бақтарын сынайды.
Электронды форматты енгізу олимпиадаға қатысушылар тарапынан түрлі бұзушылықтарға жол бермейді.
Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін syr-daryny.kz ресми сайтынан тікелей эфирден көруге болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!