Kyzylorda-news.kz. Қызылорда өңірінде індеттің күшеюіне орай қашықтан білім алатын оқушылар артуда. Балалар арасында сақтықты күшейту үшін Қызылорда облыстық білім басқармасы 4 оқу тоқсанынан бастап ата-аналардың өтініші негізінде балаларды қашықтан оқытуға рұқсат берді.

IV оқу тоқсаны басталған алғашқы аптада оқушылардың 90 пайызы дәстүрлі, 10 пайызы қашықтан оқыса, бүгінгі күні онлайн оқитын оқушылар көбейді.

Қызылорда облысындағы 304 мектептегі 169883 оқушы білім алса, соның 73 пайызы яғни 124049 оқушы қашықтан оқыса, 45834 оқушы оқушылардың 23 пайызы яғни дәстүрлі форматта білім алуда.

Айта кетейік, дәстүрі оқитын мектептерде қатаң санитариялық талаптар сақталып, ата-аналардың кіруіне тыйым салынған. Оқушылар үшін арнайы жылжымалы кесте жасалған. Балалардың шоғырлануына жол берілмейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!