«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 7-8 наурыз күндері аралығында Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ХХІ халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасы өткізілді.
Екі күнге созылған халықаралық олимпиадаға еліміз бойынша 136 оқушы қатысса, оның ішінде аймақтың абыройын 6 оқушы қорғап, бақ сынады.
Байқау нәтижесінде №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Нұрдәулет Шахафиддин ІІІ орын алып, қола медаль иегері атанды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!