Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі Нұрғали Ақылбеков «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

Жас ғалым химия ғылымдарының кандидаты, химия мамандығы бойынша философия докторы (PhD), Экология және химиялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы-2020» байқауына еліміздің 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысқан. 48 жоғары оқу орнынан 150 адам жеңіске жетіп, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық және ғылыми шеберлігін саралайтын байқау.

Н.Ақылбеков ұстаздық қызметіндегі және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы табысы үшін 2017 жылы Республикалық «ҒАНИ МҰРАТБАЕВ» атындағы жастар сыйлығының иегері атанды. 2017 ж. Италияның Милано Мариттима қаласында өткен Жас Химиктер Симпозиумының қатысушысы, 2017 жылы ҚР Үкіметінің мемлекеттік «ДАРЫН» жастар сыйлығының иегері, 2019 жылы талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның және т.б марапаттардың иегері.

Халықаралық ғылыми-ақпараттық базалық компаниялар Web of Science және Scopusтың басылымдарына енген жоғары импакт-факторлы журналдарда ғылыми мақалалар, шетелдік, халықаралық және республикалық конференциялар мен симпозиумдардағы материалдар мен баяндама тезистері, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының өнертабыстық, инновациялық және пайдалы модельге патенттері түріндегі 104 ғылыми еңбектері жарық көрді.

2020 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған Нұрғали Акылбеков өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беретін грантқа ие болды.

Аталған конкурс жоғары оқу орнының оқытушыларына шығармашылық әлеуеттерін жүзеге асыруға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге зор мүмкіндік береді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!