Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) және М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің ұйымдастыруымен «PedSTART республикалық педагогикалық олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – мектепке дейінгі ғылым саласындағы талантты жастарды анықтау, болашақ мамандарды даярлау сапасын жетілдіру, кәсіптік және арнайы әдістеме пәндерін терең меңгерту, тәрбиешілік және инновациялық қызмет үшін әлеуетті кадрларды қалыптастыру.
Кәсіби білім бәйгесіне «Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінен «Smart Pedagog» командасы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы ЖШС Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжінен «Vip Top» командасы, «Жезқазған гуманитарлық колледжінен» КМҚК «Zhgk Style» командасы , М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен «Twinkle Stars»және «Комета» командалары қатысты.
«Pedstart» республикалық педагогикалық шеберлік байқауында төмендегідей кезеңдерден тұрды:
І кезең теориялық бағыт бойынша «Мектепке дейінгі педагогика, психология және арнайы пәндер әдістемесінен» тест тапсырмаларын орындады.
ІІ кезең шығармашылық бағыт бойынша төмендегі тапсырмалар орындалды:
- «Командалар шеруі» визит карточкасы
- Үздік панорамалық ұйымдастырылған іс-әрекет
- «Біліммен болашаққа» мектепке дейінгі ұйым құжаттары және педагогикалық ситуациялық сұрақтар
- «Театр ерекше патшалық» театр жобасы бойынша қойылымнан үзінді. Қатысушы командалар үлкен дайындықпен, өз идеяларын ортаға салып, жүктелген тапсырмаларды жоғары деңгейде орындап шықты.
Болашақ педагогтар бәйгесі нәтижесінде кәсіби деңгей, шеберлік, смарт педагог болуға деген талпынысы мен білімі сарапқа салынып, нәтижесінде «Smart Pedagog» І дәрежелі, «Zhgk Style» және «Twinkle Stars» ІІ дәрежелі, «Vip Top», «Комета» командалары ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Фото: М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!