Ресейдің Омбы қаласында этникалық қазақтар саны артып келеді. Осыған орай көрші елдегі бірнеше мектепте қазақ тілі факультативтік пән ретінде оқытылып жатыр.

Алдағы уақытта мектептерде кәсіби білім беруге қабілетті жоғары білікті мұғалімдерді оқыту үшін қазақ және орыс тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламасы жүзеге аспақ. Бұл туралы Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-не Ресейдің ОМСК педагогикалық университетінен келген ресми өкілдер мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Атап айтқанда, Омск мемлекеттік педагогикалық университетінің Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент Ирина Геращенко, Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Людмила Бевзюк, Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі Евгений Виданов, Аркадий Петрусевич.

дереккөз: zakon.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!