Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары ашылады. Тиісті Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық туралы қаулыға үкімет қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол жерде Қазақстанның Ресейде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың жұмыс істеу барысы көрсетілген. Ресейде қандай университеттер өз филиалдарын ашатыны әлі анықталған жоқ.
Сонымен қатар Ресейдің жоғары білім беру ұйымдарының филиалдары Қазақстанда ашылады. Бұл туралы бұған дейін екі елдің президенттері келісті.
Мұндай шешім ұзақ мерзімді ынтымақтастық және білім беру сапасын қамтамасыз ету, сондай-ақ техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында қабылданды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
«Келісімде тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес тепе-теңдік негізде филиалдар құрылады деп көзделген. Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қос лицензия алу жүзеге асырылады», – делінген хабарламада.
Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде зерделей отырып, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.
Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!