Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің құрметті профессоры Марат Ахмет атындағы II аймақтық жоғары оқу орындары арасындағы «Математикалық тартыс» олимпиадасынан жүлделі I орын иеленді.
Республикалық олимпиадаға алты жоғары оқу орнынан барлығы 24 студент қатысты.
Білімділер бәйгесіне Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Физика және математика» білім беру бағдарламасының студенттері Ақжол Айдар, Жұмажан Қартаңбай, Бобур Ирисқулов, Азамат Кеңес бақ сынады. Студенттердің ғылыми жетекшісі – жаратылыстану ғылымдарының магистрі Әсия Шайықислам.
Олимпиаданың мақсаты студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды студенттерді іріктеу және қолдау. Студенттердің зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу және қазіргі заманның ғылыми мәселелерін шешуге студенттер мен жас ғалымдарды тарту.
Айта кетсек, жүлделі орын иеленген студенттерге Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетіне магистратураға 1 жыл оқу ақысына 100% жеңілдік, сонымен қатар 100 000 тг табысталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!