Ақтаулық ата-аналар мектепте бланкке өтірік қол қойылып, бірінші сынып оқушыларына вакцина салғанын мәлімдеді. Бірақ мектеп қызметкерлері мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Ақтаудағы № 29 орта мектепте болған.
“Қызым мектепте екпе алғанын айтты, бірақ мен де, әйелім де оған келісім бермедік. Мәселені анықтасақ, вакцинациялауға келісімге қол қойылған. Қолжазба маған да, жұбайыма да тиесілі емес. Бұл қалай болуы мүмкін? Сонда ол статистика үшін жасалған ба? Әйтеуір, вакцинаның өзі емес, манту сынамасы екен, бірақ бұл факт мектеп қызметкерлерінен жауапкершілік алып тастамайды», – деп ашуланды қыздың әкесі.
Бірақ оқу орны бұл фактіні растамады.
“Бірінші сынып оқушысының ата-анасының қолын кім қоюы мүмкін, түсінбедім. Медбике бұл фактіні жоққа шығарады. Анықтайтын боламыз, – деді №29 ОМ директоры Жайна Ізтұрғанова.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!