Оқушылардың шағымынан кейін қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.

Астанада бір жыл бойы сабақ өткізбесе де жалақы алып келген №49  мектептің директоры қызметінен қуылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осыған дейін Астанадағы №49 мектептің 10 сынып оқушылары мектеп директоры жоспарлы сабақтарды өткізбегенін айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Оқушылардың шағымынан кейін қалалық білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген.

«Қызметтік тексеру жүргізу үшін Басқарманың 26 мамырдағы № 1098 бұйрығына сәйкес жұмыс тобы құрылды. Сол күні тексеріс жүргізіліп, жұмыс қорытындысы бойынша мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды. Бүгінгі таңда басқарманың 29 мамырдағы №1113 бұйрығымен №49 орта мектебінің директоры қызметінен босатылды», – деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!