Әлеуметтік желіде Алматыдағы мектептердің бірінде мұғалім дін туралы сабақ өткізгені туралы видео тарады. Бейнежазбаға байланысты қалалық білім басқармасы түсінік берді.
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мұғалім оқушылардан дініңіз, кітабыңыз, мұсылманбысыз? деген сияқты сұрақтар қойғанын көруге болады.
Алматы қаласы Білім басқармасының мәліметінше, видеоролик қала мектептерінің бірінде түсірілген.
«Қазақстан — зайырлы мемлекет, ал мектеп – зайырлы оқу орны. Білім беру ұйымдарында мұғалімдер тек мемлекеттік білім беру стандарты мен бекітілген бағдарламалар аясында сабақ өткізуге міндетті. Басқа іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мектеп әкімшілігі мен мұғалімге шара қолданылады»,- деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!