Фото: egemen.kz
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, енді Павлодардағы барлық мектептерде сабақтар 40 минуттан өткізіледі.
Сабақ уақытына қатысты түзетулер мектептердегі оқушы санының көптігіне байланысты енгізілген. Мысалы, қаладағы №39 мектепте екінші ауысым оқушыларының сабақтары 19:30-да аяталады.
Білім басқармасының мәліметінше, қоңыраулар кестесі бекітілген денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес жасалған. Рұқсат етілген ең көп сабақ уақыты – 45 минут. Бұрын сабақ уақыты әр мектепте әртүрлі болған.
“Екінші ауысымдағы соңғы сабақ 19:20 – 19:30 шамасында аяқталады, бұл үлкен мектептерде. Мысалы, №39 мектеп. Оларда барлығы 97 сынып бар. Ал мектепте небәрі 57 кабинет. Қалай болғанда да, бұл мәселені шештік», – дейді Павлодар қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жанат Асайынова.
Ең аз үзіліс уақыты – 5 минут. Қоңыраулар кестесі қазір көпшілік мектепте бірдей. Кейбір мектептерде тамақтануға байланысты үзіліс уақыттарында өзгерістер бар.
Қазір ресми түрде Павлодардағы 7 мектепте оқушылар шамадан тыс көп. Барлығы ауысым жүйесімен жұмыс істейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!